oC

Бөбекжай-бақшамызда университетпен бірлескен жұмыс жоспарға сәйкес «Мектепке дейінгі ұйымда жобалау әрекетін ұйымдастыру» тақырыбында семинар өтті.  Семинар барысында бөбекжай-бақша педагогтары Е.Быченкова, Н.Х. Абрекова, Ш.Табылдиева, Ф.Н.Нуржанова, А.Е.Кужиева, А.Б.Амандыкова, Ж.М.Елеместің жетекшілігімен Халел Досмухамедов атындағы Атырау университетінің студенттері А.Оспанова, А.Қартбағанбет, А.Жұмажан, Д.Қалжанова «Табиғатқа көрік берген көбелектер», «Ұлттық тағам сүт», «Сүйікті қалам –Атырау», тақырыптарды жоба жұмыстарына қатысып, таныстырылымдар дайындап, ойындар өткізіп, белсенділік танытты.